1935 жылы Шымкент қалалық атқару комитетінің шешімімен 14 қыркүйек күні орталау мектеп ашылды. Кішкене ғана ғимаратта 2 кабинет және 5 сынып бар еді. Мектеп директоры О.М.Балина болды.
1941 жылы мектеп директоры болған М.Замилов Ұлы Отан соғысында ерлікпен қаза табады.
1945 жылы мектеп 7 жылдық ұлдар мектебі болып, Киров көшесіндегі №13 ғимаратқа көшірілді.
1956- 1960 жылдары мектеп Советский, № 40 көшесінде орналасқан бұрынғы педагогикалық институт ғимаратына ауыстырылды.
1965 жылы директор болған О.С.Некрасова мектепті 23 жыл басқарды.
1969 жылы мектеп Қазақ КСР Білім министрлігінің бұйрығымен 8- сыныптан физика және математиканы тереңдетіп оқытатын арнайы мектепке айналды.
1975-1985 жылдарда мектеп қалалық Құрмет тақтасына 8 рет енгізілді. Мектепке «Үлгілі тәртіп, жоғары мәдениет және эстетика мектебі» атағы берілді.
Мұғалімдердің және оқушылардың ғылыми – тәжірибелік конференциясын өткізу дәстүрге айналды. Бұл жұмыстың қорытындысы – 1999 жылы оқушылардың Кіші Ғылым Академиясының ашылуы. Ғылыми зерттеу жұмысы педагогикалық және оқушы ұжымының қалыптасу мен даму тірегіне айналды.
1995- 2013 жылдар аралығында мектепті Б.А.Жандосова басқарды.
2000 жыл мұғалімдердің оқу- тәрбие және ғылыми жұмысының қорытындысын оқушылардың жоғары интеллектуальді деңгейінің көрсеткішін бекітетін жыл болды. Мектепке жаратылыстану- техникалық лицей статусын беруі, оның Республикалық «Үздік мектеп -2000» байқауында ІІ орынды иеленуі – ұжымға берген жоғары баға.
2000 жылы лицейге Өмірбек Арсланұлы Жолдасбеков есімі берілді.
2001 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Әділет басқармасы шешімімен мектеп «Лицей» атағын алды.
2002 жылы лицей Оңтүстік Қазақстан облыстық білім беру департаментінің қатысуымен «Формула успеха» әдістемелік жинағын шығарды.
2003 жылы бастауыш сынып ғимараты салынды.
2010 жылы лицей «Жылдың үздік мектебі» атанды.
2014 жылдан бастап «ҰБТ мен ОЖСБ- ға дайындықты бақылау және сараптама» кафедрасы жұмысын бастады. Осы жылы бастауыш сынып мұғалімі Н.И.Ким «ҚР Үздік педагог 2014» байқауында жеңімпаз атанды.
2014 жылдан 2021 жылға дейін лицейді А.С.Аманкулова басқаруда.
2015 жылдан деңгейлік курстан өткен мұғалімдерге қолдау көрсету мақсатында лицей қаланың 10 мектебіне тірек базасы болып белгіленді.
2018 жылы лицей мұғалімі, деңгейлік бағдарламалық курс бойынша мектеп модераторы, директордың оқу –тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, «1-сентябрь» бүкілресейлік мұғалімдердің фестивалінің бірнеше мәрте жеңімпазы Г.С.Нуржигитова «Жаңашыл мұғалім – 2018» байқауының жеңімпазы атанды.
2018 жылы мектеп және қала тарихында алғаш рет қалалық деңгейде академик Ө.А.Жолдасбеков атындағы оқушылар олимпиадасы физика, математика, химия пәндерінен ұйымдастырылды.
2022 жылы "Jastar ligasy" байқауда бақ сынап шахматтан газель ұтып алды.
Бүгінде Ө.А.Жолдасбеков атындағы №9 лицей- 3500-дей оқушы білім алатын, Қазақстан Республикасының білім беру жүйесіне лайықты үлес қосып отырған республикамыздағы үлкен білім мекемелерінің бірі. Лицей оқушылары қалалық, облыстық, республикалық, халықаралық деңгейдегі түрлі олимпиадалар мен зияткерлік байқаулардың жеңімпаздары.
Лицей білім беру саласындағы өзгерістер мен Елбасы саясатын іске асыруда мемлекеттің стратегиялық бағдарламаларын басшылыққа алады. Қазіргі таңда лицей түлектері еліміздің экономикалық дамуына, білім беру, денсаулық сақтау саласына сүбелі үлес қосып келеді.