Қазақстан Республикасының заманауи білім беру жүйесіндегі басымдықтардың бірі - оқушыларға жалпыадамзаттық құндылықтарды дарыту және функционалдық сауаттылықты дамыту болса, біздің лицей мемлекеттік стандартқа сәйкес осы мақсатты жүзеге асырады.
Сайт материалдарымен таныса отырып, толық ақпаратты ала аласыз. Мен тек негізгі аспектілерге тоқтала кетейін. Біздің педагогикалық ұжымның жұмысы білім алушылардың жеке шығармашылық мүмкіндіктерін іске асыруға ықпал ететін білім беру және сауықтыру процестерін бірыңғай функционалдық кешенге біріктіретін білім беру кеңістігін қалыптастыруға бағытталған.
Лицейдің жүйе құрушы принципі ретінде Жетістік Педагогикасы таңдалды. Біздің лицей ұжымы- лицейдің тұжырымдамалық негізін қабылдайтын, оқушыларға бірыңғай педагогикалық талаптар қоюға қабілетті, қазақстандық білім беруді модернизациялаудың негізгі ережелеріне сәйкес білім берудің мазмұны мен сапасын жаңартуға дайын кәсіпқойлар ұжымы. Авторлық бағдарламалар, оқушылар мен мұғалімдер жетістіктерінің тұрақты жоғары деңгейі лицей педагогтерінің зияткерлік еңбегінің нәтижесі болып табылады.
Лицейде математика тереңдетіліп оқытылады, сонымен бірге физика, химия, биология және география пәндері бейінді оқытылады. Бейінді сыныптарға педагогтерден бөлек ЖОО мен қосымша білім беру мекемелерінің оқытушылары тартылған.
Соңғы технологиялық жетістіктермен жабдықталған физика, биология, робототехника, химия кабинеттері және STEM-кабинеттері заманауи ресурстық қамтамасыз етуді ғана емес, лицейдің шығармашылық кеңістігіне де реңк береді.
Лицей "Оқуға құштар мектеп", дебаттық қозғалыс және мектептің өзін-өзі басқару Республикалық жобаларын жүзеге асырады.
"Оқушы-мұғалім-ата-ана" үштұғырлығы оқыту мен тәрбиелеуде бірыңғай тәсілдерді қамтамасыз етеді.
"Мұғалімнің ұстанымы -қызмет емес, Құдай берген міндет. Бұл үшін жоғары жан болуы керек, ол басқа адамдарға жалынды бере алады, оның орнына ештеңе талап етпейді", – деген Ыбырай Алтынсариннің сөзі лицейдің тәрбие жұмысындағы ұстанымына айналды.
Біздің білім беру мекемеміздің миссиясы- ғылым мен жоғары технологиялар саласында өзін таныта алатын жоғары интеллектуалды тұлғаны тәрбиелеу мен білім беруге қолайлы жағдай жасау.
Ал қазіргі заманғы мұғалім үшін уақытпен бірге қадам басып, "жаңа көкжиектерді", жаңа білім беру платформаларын және цифрлық мүмкіндіктерді игерудің маңызы зор!