EN KZ RU
550 jul Qazaq handigi Qazaq tu

Қазақ хандығы


Қазақ хандығының құрылуы

Керей мен Жәнібек – қазақтың алғашқы хандары
Отан тарихындағы аса маңызды мәселеннің 6ipi Қазақ хандығының құрылуы болып табылады. Қазақ хандығының пайда болуы Қазақстан аумағында жүрген этносаяси үрдістердің заңды нәтижесі болды. Ол барлық аймақтардың ортақ саяси кұрылымға біріккенін, барлық қазақ рулары мен тайпаларының 6ipлесуін, яғни халық ретінде қалыптасудың ұзақ үрдісінің аяқталуын көрсетеді. Бұл этноәлеуметтік қауымдастықтың дербес мемлекеттік ұйым кұруға деген табиғи ұмтылысы еді.

Қазақ хандығының негізін салған Керей мен Жәнібек болды. Қазақ хандығының дербес саяси мемлекеттік бірлестік ретінде тарих сахнасына шығуына Шыңғыс хан ұрпақтары арасындағы саяси билік үшін күресі қолайлы жағдайлар туғызған eдi.
Ақ Орда билеушісі болған Орыс ханның шөбересі, Барақ ханның баласы Жәнібек өзінің ағайыны Кереймен 6ipre 1459-1460 жылдары Әбілхайыр хандығынан бөлініп шығып, Моғолстан ханы Есен-Бұғаның (1429-1462)иеліндегі Шу мен Талас аймағындағы Қозыбасы деген жерге коныстанады. Сөйтіп, Қазақ хандығының кұрылу барысы XV ғасырдың екінші жартысында дағдарысқа ұшырай бастаған Әбілхайыр хандыгы мен Моғолстан мемлекеттігінің ішкі саяси жағдайымен байланысты болды. 1457 жылы Әбілхайыр ойраттардан женіліске ұшыраған сәтінен бастап жағдай шиеленісіп кетті. Әбілхайыр ханньщ ішкі саясаттағы кателіктері мен ойраттарға қарсы күрестeгi сәтсіздіктер, кұрамындағы ру-тайпалардың наразылығын күшейттіп жіберді. Бұл жағдайлар ру-тайпалардьщ кесемдерін, енді тұрақты этноаумақтық ұйым кұра алатын күштерді іздестіруге мәжбүр eттi. Сондыктан шайбандық Әбілхайыр ханның саяси куғын-сүргініне ұшыраған Керей мен Жәнібек хандықтағы саяси дағдарысты өз мүдделеріне пайдалана отырып, коғамның барлық жіктерін топтастыру саясатын белсенді түрде жүргізе бастады. Осы кезеңде Орта Азияның тарих сахнасына қырғыз, өзбек, қарақалпақ және басқа да халыктар шықты.
Моғолстан билеушісі Есенбұға хан Орда Ежен ұрпақтарымен одақтаса отырып, оларды өз иелігінің батыс шекараларын корғау үшін пайдалануды көздеді. 1462 жылы Есенбұға хан елгеннен кейін Керей мен Жәнібектің Жетісудағы саяси ықпалы арта бастады.
Мырза Мұхаммед Хайдар Дулатидің «Тарихи Рашиди» енбегіндегі деректepi бойынша қазақ хандығының кұрылған уакыты - 1465-1466 жылдар. Кершілес Моғолстанда Қазақ хандығының кұрылуына Әбілхайыр ханның кауіптене қарауы заңды еді. Сол себеппен ол 1468 жылы Моғолстанға жорыққа аттанады. Бірақ жорық кезінде науқастанып, қайтыс болады. Әбілхайыр ханның өлімінен кейін оның хандығындағы саяси дағдарыс езінің шегіне жетті. Билік үшін күрес, жаппай жазалаулар басталады. Дегенмен билікті Әбілхайыр ханның ұлы Шайх-Хайдар қолына алады. Әбілхайыр хандығындағы билік үшін күреске Керей мен Жәнібек те араласып, олардан женіліс тапқан Шайх-Хайдар хан қаза табады. Ал Әбілхайыр ханның баска ұрпақтары Мауераннахр аймағына кашуға мәжбүр болады. Керей мен Жәнібек Әбілхайыр хандығындағы зор аумаққа ие болды. (Жәнібек хапык Әз Жәнібек деп атаған, «әз» cөзі дана, данышпан деген мағынада қолданылған - авт.) Осылайша «қазақ» атауын алған халыктың мемлекетік бірлестігі пайда болған болатын.
Сонымен Қазақ хандығы қазақстан аумағында үздіксіз жүрген саяси жэне этникалық үрдістердің нәтижесінде тарих сахнасына шықты. Оның негізгі кезендері Керей мен Жәнібек Әбілхайыр хандығынан 6өлініп, өздерін қолдаған ру-тайпалармен кешіп кетуі және Моғолстанның батыс бөлігіне қоныстануы болды. Бұл урдістердегі маңызды фактор алғашында «өзбекпауға ие болып Керей мен Жәнібек колдау білдіруі eді. Бұл фактор өз кезегінде Казак хандығының кұрылуына әкелді. Соңында Әбілхайыр ханның қазасынан кеиін Керей мен Жәнібек бұрынғы Ақ Орда иеліктерге қайта өз билігін орнатуы шешуші қадам болды. Ал жаңа мемлекетік құрылым Қазақ хандығы деп атала бастады. Бұл жерде Керей мен Жәнібек кешіп кету себебін Шәкәрім Құдайбердіұлы «түрік, қырғыз, қазақ һәм хандар шежіресі» атты енбегінде былай деп түсіндіреді: «Сол кезде Қазан және Қырым хандарынан тәуелсіз Шибан нәсілінен Әбілхайыр хан билеп тұрды. Жошы ұлысының күншығыс жағын түгел соған карады. Сол жерде қазақтын ханы Әз Жәнібек еді. Ол Әбілхайырға қараушы еді. Әз Жәнібек шын аты Әбусағит болатын. Ол Тоқайтемір нәсілінен Барақ ханның баласы еді. 1455 жылы Әз Жәнібек хан немере iнici Шаһгерей ханменен тамам казакты алып, Әбілхайырға өкпелеп, Шудағы Шағатай нәсілінен Есенбуғаның баласы Тоқлуқ Темірханға қарап Keттi. Әбілхайыр өкпелеген ce6e6iH біздің қазақ былай айтады: «Біздің осындағы арғындардың арғы атасы Дайырқожа ханның сүйікті қазысы екен, әділ айтқандықтан Ақжол атаныпты. Және Қара Қыпшак Кобыланды батыр да Әбілхайыр сүйіктісі екен. Eкeyi 6ip-6ipiнe іштей жауласып жүріпті. Бip күні далада Кобыланды батыр Дайырқожаны өлтіріп кетіп кетіпті. Мұны Әз Жәнібек хан 6ілin, Қобыландыны шариғат бойынша кысас кылып өлтіруге сұрапты. Әбілхайыр берейін десе, көп қыпшақ бұзылатуғын болған сои, бере алмай «үш кісінің кұнын алып бітім қыл» деген соң, Әз Жәнібек хан Әбілхайыр шешіміне өкпелеп кетіпті. Қазақта мақал болып жүрген «Қара қыпшақ Кобыландыда нең бар еді, құлыным» деген сөз - Дайырқожаның суйегін айналып жұрт жылаған әкесі Қыдан тайшы деген кісінің cөзі... Әз Жәнібек ханға epin қазақ атанған елдің қазақ атанбай тұрып бөлінген арғын, найман, керей, қаңлы, қыпшақ, үйсіндегі дулат деген сықылды рулары көп. Жер жүзіндегі түрік нәсілді жұрттардың көбінің ішінде бар және қазақ атанған соң да Kө6i бөлініп, ноғай, башкұрт, өзбек атанып кеткен. Мұндағы үш жүздің қазағы атанып жүрген ел сонан калған 6ipaз ғана кісінің нәсілі».
Шәкәрім бұдан басқа мынадай мәліметтерді келтіреді. «Әз Жәнібек қазақты Қашқардағы Шағатай нәсіліне қаратқан соң, сол кезде қазақты һәм көшпелi басқа елдерді Жүніс ханның Ахмет деген баласы билеп, оның ағасы Жәнеке, шын аты Махмуд деген Ташкентте үлкен хан болыпты. Сонда Ахметхан қалмақтармен соғысу үшін қазақ жігіттерінен әскер кұрап, оларды ұлы жүз, орта жүз, Kіші жүз деп атапты. Қалмақтар Ахметханға Алашы деп ат қойыпты. Мағынасы «Жан алғыш» деген мұны естіген Ахметхан: «Қалмақ бұл атты қорыққан соң койды, енді қалмақты шапқанда «алашылап» шабыңдар» деген соң, қазақтар «Алашы» деп шауып, сол қазаққа ұран болыпты. «Апаш-алаш болганда, Алашы хан болғанда, қалмаққа не қылмадық», - деп қазақтын мақтанатұғыны осы» [60, 22-23-6.]. Осы үзіндіде Шәкәрім өз зерттеулерінде халық аңыздарына, фольклорға сүйенген көрінеді.
Шәкәрім баяндаған тарихи оқиғалар басқа да ғылыми зерттеулермен дәлелденеді. Мәселен, Жоңғар тарихын зерттеуші ғалым И.Златкин: «Қалмактарға жиі-жиі шапқыншылық жасай бергендіктен олар Ахмет ханды - Алашы (жан алғыш) деп атап кеткен. (Ахмет хан (1496-1504) ойраттармен жиі-жиі соғыса берген соң олар Алаша хан деп атаған (алаша деген сөз «кici өлтіруші» деген мағына береді, яғни ойраттарға маза бермеген» деген мәліметтер келтіреді. (Қараңыз: Златкин И.Я. История Джунгарского ханства. 41-6.)

Үстіге көтерілу
Xabarlama jazu