Қазақ жерін Ресей империясының отарлауы
XVIғасырдың соңы -XVIII ғасырдың басындағы қазақ-орыс қатынастары.
Қазақ-жоңғар соғыстары мен шаруашылықтың күйреуі қазақ билеушілерін
Ресеймен одақтасуға итермеледі. Қазақ-орыс қатынастарының тарихи тамыры
тереңнен бастау алатын. Елі ел арасындағы қарым-қатынастар Қазан
хандығы (1552) мен Астрахан хандығын (1556) және Еділ бойындағы халықтарды
Ресей империясы езіне қаратып алғаннан кейін тереңдей бастады.
Орыс мемлекеті Орта Азияға қазақ жері арқылы ететін дәстүрлі сауда жолдарын
қауіпсіздендіру мақсатында Қазақ хандығымен экономикалық байланыстар
орнатуға мүдделілік танытты. Қазақ хандығы өз кезегінде Орта Азия
хандықтары мен жоңғарларға қарсы күресте Ресеймен одақтасуды көздеді.
Елі ел арасындағы өзара қарым-қатынастарды дамытуда елшілік алмасулар
маңызды рөл атқарды. 1573 жылы Қазақ даласына Третьяк Чебуков басқарған
орыс елшілік жіберткен еді. Бірақ олар Ci6ip татарлары қолынан қаза
тапқандықтан, бұл елшілік қазақ хандығына жете алмады.
IV Иван Грозный ағайынды саудагер Строгановтарға 1574 жылдың 30
мамырында Тобылға бекініс салуға және Қазақстан мен Орта Азия халықтарымен
«салықсыз» сауда жасауға рұқсат грамотасын береді, Бұл сауда байланыстарының
жандануына септігін тигізді.
1594 және 1595 жылдары Мәскеуге Тәуекел хан Құл-Мұхаммед басқарған қазақ
елшілігін жібергені 6eргілi.
XVI ғасырда 6ip орталыққа 6ipiккeн Ресей мемлекеті нығая бастады. Сол
себепті, Ресей өзінің шығыс аудандарымен шектес орналасқан халықтарды
жаулап алу саясатын тегеуінді түрде жүргізе бастады. Ci6ip мен Қазақ жерлерін
қосып алудағы Ресей империясының мақсаты шикізат көздері мен бағалы аң
терілеріне бай аймақтарды иелену және мемлекетің шығыстағы
шекараларының қауіпсіздігін нығайту саясаты болатын.
Ресейдін Батыс Ci6ipгe басып Kipyi мен оны өзінің құрамына енгізудің бастамасы
1581 жылы Ci6ip хандығының астанасы Искерді алған Ермак жорықтарымен
байланысты болды. Сібірдегі Көшім хандығының талқандалуы орыс
мемлекетің Ci6ipгe және онымен шектес аудандарға жылжуына ыңғайлы
аймақ құру бағытындағы алғашқы қадам жасауына жағдай жасады.
Жаңа жерлерді жаулап алуда шығыс өлкелерге, соның ішінде Қазақ жерімен
шекаралас аудандарға әскери бекіністер орнатуға ерекше көңіл бөлінді.
Бекініс қамалдар маңына поселкала мен деревнялар тұрғызыла бастады.
Батыс Ci6ip аумағындағы алғашқы орыс қаласы Қазақ хандығының шекарасына
жақын EpTicTiң құяр саласындағы Обьтың оң жағалауына 1585 жылы
салынған Обь қалашығы еді. Кейін Түмен (1586 ж.), Тобольск (1587 ж.), Тара
бекіністері (1594 ж.) пайда болды. 1604 жылы орыстар Том жағасына Томск
бекіністерін салды. XVII ғасырдың басында Қазақ хандығының батыстағы шекаралық
аймақтарында
орыс қоныстары орын тепті. 1620 жылы Жайық бекінісі,
1640 жылы Гурьев 6eKiHici бой көтерді. XVIII ғасырдың басы Ресей үшіш I Петрдің
реформаларымен, Швециямен Балтық теңізі үшiH, Түркиямен Қара теңіз үшін
жүргізілген соғыстармен және Ci6ipді жаулап алу, Шығыс елдерімен байланыс
орнату сияқты тарихи оқиғалармен ерекшеленді. I Петрдің сыртқы саясатында
Ресейдің шығыс елдерімен жалғастырушы Қазақ жерлеріне ерекше
көңіл бөлінді. Үндістан мен Қытайға шығар жол іздеген I Петр тұсында Қазақ
жеріне орнығуға бағытында белсенді әрекеттер жасалды. Бұл бағытта Ci6ip
губернаторы князь М.Гагарин Ресей үкіметіне Ертістен Жаркентке дейін
күшейтілген бекіністер жүйесі құру жобасын ұсынды. Оның жобасында бұл
жерлер алтынның қорына өте бай екені атап керсеттеді. 1715 жылы Тобылдан
EpTic бойымен үш мың адамнан тұратын подполковник И. Бухгольц
бастаған әскери экспедиция жібертті, олар Жәміш және Омск (1716) бекіністерін салады.
1717 жылы қамал құрылыстарын жалғастыру ушін Жіміш
көлінен Ертістің бойымен жоғары қарай П. Северский мен В. Чередов отрядтары
жіберілген. П. Северский Железинск бекініс, ал В. Чередов Колбасинск
6eKiHiciH салдырды. Сондай-ақ 1718 жылы В.Чередов Ертістің оң жағалауынан
кейін Семипалатинск атауын алған қамалға арнап орын дайындайды.
Ямышевск пен Семипалатинск бекіністері 1717-1718 жылдары подполковник П. Ступин
экспедициясы кезінде айтарлықтай күшейттеді. Одан
кейін жібертген майор И Лихаревтің экспедициясы Усть-Каменогорск және
Коряков бекіністерін (1720 ж.) тұрғызады. Бұл әскери-қорғаныс бекеттері
жоғары EpTic желісін құрады.
I Петрдің Қазақ жерін Ресейдің құрамына қосу жөнінде айтқан саяси ұстанымы
туралы тілмәш А. Тевкелевтің жазбаларынан 6eргілi. Ол 1722 жылы
парсы жорығынан келген бойда: «Үлкен, тіпті миллионға дейін шығындарғa
қарамай Ресей протекциясына кіргізу керек» өйткені «қырғыз-Қазақ ордасы
- бүкіл азиялық елдерге шығатын кілт пен қақпа» деген [22. 87-6.].
I Петрдің тұсында Ci6ip, EpTic, Колыванск әскери желілерінің ipгeci қаланды.
Бұл әскери желілерде тұрғызылған бекіністердің стратегиялық тұрғыда
маңызы өте зор болды. Бекініс қамалдарда кез келген әскери шабуылдарға
қарсы тура алатын, жақсы дайындықтан өткен әpi қару-жарағы күшті Қазақ
гарнизондары орналастырылды. Кейін бұл бекіністер Қазақ жерін отарлаудың
басты ошағына айналды.
Қазақтардың 1728, 1730 жылдардағы жеңістері Жоңғар хандығы тарапынан
қауіпті азайтқанмен, Қазақ хандығындағы жағдай тұтастай алғанда шиеленісіп
қалпында қала берді. Оның үстіне хандықтағы саяси дағдарыс тереңдеп
кетті. Өйткені Kiшi жүзде Әбілқайыр хан, Орта жүзде Сәмеке хан
(Шахмухаммед), Ұлы жүзде Жолбарыс хан жеке-дара билік жүргізіп, Қазақ
жүздері бірте бірте окшаулана бастады.
Жоңғарлармен соғыс әбден қажытқан, әлi де алда талай жойқын соғыстар
қаупі күтіп тұрған осындай жағдайда, Қазақ халқының ауыр жағдайын
пайдаланған башқұрттар, еділ калмактары, орта азиялық хандықтар, ci6ip
қазақтары да қазақтарға қысымын күшейте түсті. Осындай күрделі тарихи
кезеңде әpi тығырыққа тірелген елдің тағдырын шешудің көзі келген тақта
Kiшi жүз ханы Әбілқайыр мықты держава Ресей протекторатын қабылдау
туралы шешім қабылдады. Бұл қазақ халқының тарихи тағдырындағы түбегейлі
өзгерістің бастамасы болған eді.