EN KZ RU



Университеттің тарихы

Өзінің құрылуының алғашқы жылдарында қаншама қиындықты бастан кешірген Халықаралық Қазақ-Араб университеті мемлекеттік емес оқу орны болып 1992 жылы медресе ретінде құрылып , араб тілі мен қазақ тілі мен әдибеті, араб тілі және тарих және дін тану факультеттеріне барлығы 225 оқушы қабылданды. Медресе директоры О.Көбеева оқу орынның мақсаты ислам дінін оқыту және оны тарату емес, еліміздің тәуелсіздік алуынан кейін шығыс елдерімен байланысқа кең жол ашылған соң келешекте ол елдермен саяси, эканомикалық және мәдени қарым-қанынастар жасау үшін осы бастан кадрлар даярлау керек екенін айтады. Ол уақытта оқу ғимараты Жангелдин көшесінің Ильич көшесімен қиылысқан жерге жақын орналасқан N 19 қалалық кәсіптік училище ғимаратының бірнеше бөлмелерін жалға алған. 1993 жылдың маусым айында медресе араб тілі институтына айналып, студенттердің оқу мерзімі төрт жыл болып бергіленді. 1992 жылы оқуға түскендер министрліктің арнайы рұқсаты бойынша институт студенттеріне айналды. 1994 жылы Терешкова көшесіндегі N 14 ғимаратын алуы еді. Оқу корпусының жалпы көлемі 11763 метр, қорасы 3109 шаршы метр, 6733 шаршы метр бау-бақшасы болды. Жатахананың жалпы көлемі 4542 шаршы метр, соның ішінде 1757,7 шаршы метр болды. Институтта шағын жеке асхана үйі болған. Осы жылы институт ректоры болып тарих ғылымының докторы, профессор С.Жолдасов тағайындалды. 1996 жылы оқу орынан алғаш рет 50 студент бітірді. 1999 жылдың 7шілдесінде оқу орны университет мәртебесін алды. 2000жылы мемлекеттік аттестациядан жақсы көрсеткішпен өтті. 2003-2004 оқу жылының университетімізге ректор болып А.Сайпов болды. 2004-2009 оқу жылынан бастап ректор қызметін Б.Губашев болды. 2005 жылы "Қазақ-Араб университеті" базасында ғылыми кеңестің қаулысымен университет аты "Отырар" деп өзгертілді. 2012 жылы университет аты "Аймақтық Әлеуметтік Иннавациялық Университеті " деп өзгертілді. 3 университет бірігіп осы Аймақтық Әлеуметтік Инновациялық Университеттін құрады. Толық ақпаратты RCIU.kz cайтынын ала аласыздар.
Отырарға -15 жыл кітапбынан алдым Алматы 2009 жыл.

Университеттің миссиясы – Қазақстанның оңтүстік аймағының әлеуметтік жағдайын, инновациялық әлеуетін көтеру мақсатында білім, ғылым және тәжірибе арасындағы өзара байланысты дамыта отырып, қоғам мен бизнестің қажеттіліктерін қанағаттандыра алатын бәсекелестікке қабілетті мамандар даярлау үшін білім беру қызметін ұсыну.
Терешкова 14 Аймақтық Әлеуметтік Инновациялық Университеті